AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Роза Бағланова коллекциялық монетасы айналымға шығ...

Роза Бағланова коллекциялық монетасы айналымға шығады

Қаржы 30.12.2021, 06:25 1,582
Роза Бағланова коллекциялық монетасы айналымға шығады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан Ұлттық банкі ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады


Монетаның сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ сайтында қосымша жарияланады. Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуын көруге болады. Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 100 JYL деген жазу бар. Монетаны айналдыра «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазулар бар.


Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, 15 грамм салмақта, 33 мм диаметрмен, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты. Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрі бойынша номиналды құнына сай қабылданады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде айырбастап, ұсақтауға болады.


Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Коллекциялық монета #теңге сарайы #жүз жылдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);