AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

Спорт 10.10.2021, 10:06 1,383 Almaty-akshamy
Роналду бір матчта үш рекорд орнатты
Cурет: Reuters

Роналду үшін бұл ұлттық құрамадағы 181-матч болды.


Футболдан Португалия ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Катарды жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Фару-Луледе (Португалия) өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Криштиану Роналду (37-минутта), Жозе Фонте (48) және Андре Силва (90) гол соқты.


Роналду үшін бұл ұлттық құрамадағы 181-матч болды. Осылайша, «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы испаниялық қорғаушы Серхио Рамосты (180) озып, ұлттық құрамадағы ойындар саны бойынша еуропалық рекордты жаңартты.


Әлемдік рекорд малайзиялық экс-қорғаушы Со Чин Аунға тиесілі, ол 1969-1984 жылдар аралығында 195 матч өткізген.


Португалия құрамасы сапындағы 181 матчте Роналду 112 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген. Осылайша, шабуылшы ұлттық құрама сапындағы голдар саны бойынша әлем рекордын жаңартты. Ол 2021 жылы ұлттық құрама сапында он гол соққан.


Сонымен қатар Катар Роналдудың халықаралық матчтерде гол соққан 46-елі болды. Бірде-бір футболшы осынша құрамаға гол салмаған.
Еске салайық, Португалия құрамасымен бірге Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Еуро-2012 «қоласын» және Еуро-2004 «күмісін» алған, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Роналду #футбол #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);