AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Родригес Венесуэланың уақытша президенті болып тағ...

Родригес Венесуэланың уақытша президенті болып тағайындалды

Әлем 05.01.2026, 16:45 486 Сұлу
Родригес Венесуэланың уақытша президенті болып тағайындалды
РИА Новости

Венесуэла Жоғарғы соты елдің бұрынғы атқарушы вице-президенті Делси Родригесті уақытша мемлекет басшысы етіп тағайындады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі  DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жоғарғы соттың шешімі неге байланысты қабылданды?

Сот судьясы Таня Д’Амелионың айтуынша, шешім 3 қаңтарда болған оқиғаларға байланысты қабылданған. Венесуэла билігі бұл жағдайды сыртқы әскери агрессия және елдің қазіргі президенті Николас Мадуроны ұрлау әрекеті ретінде бағалаған.

Жоғарғы сот бұл қадамның уақытша сипатта екенін атап өтті. Негізгі мақсат – мемлекеттік институттардың үздіксіз жұмысын, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету.

Николас Мадуро қызметінен алынды ма?

AFP агенттігінің мәліметінше, Николас Мадуро ресми түрде президенттік қызметінен шеттетілген жоқ. Бұл – маңызды жайт. Себебі, мемлекет басшысы қызметінен алынған деп танылса, Венесуэла конституциясы бойынша 30 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтуге тиіс болар еді.

Делси Родригес не дейді?

DPA агенттігінің хабарлауынша, Делси Родригес уақытша президент міндетін атқаруға дайын екенін мәлімдеген. Сонымен бірге ол көпшілік алдында Николас Мадуроға адалдығын жасырған жоқ.

«Бұл елде бір ғана президент бар. Оның аты – Николас Мадуро Морос», – деді Делси Родригес Ұлттық қорғаныс кеңесінің отырысында.

АҚШ мәлімдемелері жағдайды ушықтырды

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерилердің Каракастағы түнгі операция кезінде Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, елден алып шыққанын мәлімдеген еді. Ақпарат көздері әскери және стратегиялық нысандарға, соның ішінде парламент ғимаратына соққылар жасалғанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Венесуэла #Әлем #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);