AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Робот-дирижер сахнаға шықты: Құрманғазы оркестрі 9...

Робот-дирижер сахнаға шықты: Құрманғазы оркестрі 93-маусымын ашты

Алматы Бүгін 11:29 71
Робот-дирижер сахнаға шықты: Құрманғазы оркестрі 93-маусымын ашты

Ұлттық өнердің алтын арқауын үзбей, дәстүрлі музыканы жаңа буынға жаңаша жеткізіп жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 93-концерттік маусымын ерекше жобамен ашты. Алматының туған күніне орай өткен мерекелік кеште оркестр сахнасына робот-дирижер шықты.

90 жылдан астам тарихы бар өнер ұжымы бұл жолы дәстүр мен технологияны бір сахнада тоғыстырып, ұлттық музыканы заманауи форматта ұсынды. Жаңа жобаның негізгі мақсаты – ғасырлардан жеткен күй өнерін бүгінгі көрерменге тың тәсілмен таныстыру болды. Ұйымдастырушылар робот-дирижердің көмегімен ұлттық музыкаға, әсіресе жас көрермендердің қызығушылығын арттыруды көздеген.

«Жоба ұлттық музыкалық дәстүр мен заманауи технологияны бір сахнада тоғыстыруды көздеді. Бұл – қазақтың дәстүрлі музыкасын сақтай отырып, оны қазіргі көркемдік және технологиялық шешім арқылы жаңа аудиторияға ұсынуға бағытталған үлкен эксперимент», – деді оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген.

Осылайша технология ұлттық өнердің орнын алмастырмай, оны танытудың жаңа құралы ретінде қолданылды.

Кеш Алматыға арналды.

Көрермен күй өнерінің жауһарларымен қатар, қалаға арналған музыкалық шығармаларды, қазақ киносының танымал саундтректерін және классикалық туындыларды тыңдады. Мерекелік кештің музыкалық бағдарламасын DJ сүйемелдеуі толықтырды. Ал Алматының символдарының бірі – апорт алмасына арналған көрме көрермен назарына ұсынылды. Концертте дәстүрлі күй, классикалық музыка, заманауи дыбыс пен цифрлық технология өзара үйлесім тапты.

Жаңа маусымның ашылу кешіне жұрт арасында әйгілі өнер иелері қатысты. Олардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы, Батыржан Мықтыбаев, Ұлжан Байбосынова, Айдос Жабағин және Әсель Рақымжан бар. Оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын және халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Нарын Қажығали өз өнерлерін паш етті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев.

Ұжым 90 жылдық тарихында қазақтың дәстүрлі аспаптық музыкасын насихаттап, ұлттық мәдениеттің маңызды өнер ұжымдарының біріне айналды.

Оркестр репертуарында Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Сейтек сынды күй өнерінің көрнекті өкілдерінің шығармалары ерекше орын алды.

Маусым аясында робот-дирижер жобасымен қатар, көрерменге бірнеше жаңа жоба ұсынылды. Олардың қатарында «Kurmangazy: next cover concert», «Шам жарығындағы әуен», «QURMANҒAZY COMPOSER LAB» және «Cinema hits» болды. Аталған жобаларда ұлттық музыка түрлі заманауи форматта ұсынылып, дәстүрлі шығармалар жаңа интерпретацияда орындалды. Ал «Cinema hits» жобасында кино музыкасы мен ұлттық оркестрдің үні тоғысты. Осылайша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 93-концерттік маусымының ашылуы ұлттық өнер мен заманауи технологияның үйлесімін көрсеткен ерекше мәдени кешке айналды.

Дана САДЫРҚАН.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет #Құрманғазы оркестрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға халықаралық марафонға қатысу үшін 60-тан астам елден желаяқтар келеді

Бүгін 10:24

Отандық фильмдер саны артып келеді – Арман Қырықбаев

Бүгін 10:05

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Бүгін 09:45

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы тексерілді

Бүгін 09:30

Шымкентте цифрлық жүйе білім саласындағы былықты анықтады

Кеше 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);