AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ринат Кертаев AMANAT партиясының хатшысы болды

Ринат Кертаев AMANAT партиясының хатшысы болды

Саясат 10.03.2022, 10:21 2,058
Ринат Кертаев AMANAT партиясының хатшысы болды
Сурет: Inform.kz

Бұл қызметке ол Президент Қаулысымен тағайындалды.


Ринат Кертаев AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды»,- делінген аталған партияның Twitter-дегі парақшасында.



Бұған дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып қызмет еткен Ринат Думанұлы 1983 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бірінші жоғары білімін алды.


Кейін сол жерде «Журналистика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Әр жылы Д.А. Қонаев атындағы университетте құқықтану және экономика саласында өз кәсіби біліктілігін кеңейтті.


Ринат Думанұлының еңбек жолы «Хабар» агенттігі» АҚ-ның дамуымен тікелей байланысты.


2006 жылы дәл осы жерде оның кәсіби жолы қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалары редакциясының бағдарламалар дирекциясы продюсері позициясынан басталды. Үш жылдан кейін ұқсас лауазымға бағдарламалар өндірісі бөліміне ауысты. Әрі қарай «Хабар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редактор-талдаушысы қызметін атқарды.


2011 жылдан 2012 жылға дейін бағдарламалар дирекциясында бас продюсер болып жұмыс істеді, содан кейін бағдарламалар өндірісі бөліміне ауысты.


2016 жылға дейін телеарна бағдарламаларын өндіру дирекциясының бас продюсері болды. 2016 жылдың шілде айында «Хабар» телеарнасын басқарды. Сол жылы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


2018 жылдың тамыз айында басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы Ринат Думанұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #хатшы #секретарь #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);