Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Әлеумет 31.05.2022, 04:59 1,219
Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Сурет: Gov.kz

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезд жұмысына қатысады.


Ватиканға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Рим-Католик шіркеуінің басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылады», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Понтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті. Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі және съезд жұмысына қатысуы туралы тарихи шешімі ерекше атап өтілді.


Министр Рим Папасының сапарын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келетін католиктер тағатсыздана күтетінін хабарлады. Бұдан бөлек, М.Тілеуберді Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы (Премьер-Министрі) Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төрағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен екіжақты келіссөздер жүргізді.


Тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы рухани келісім мен өзара құрмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.


Конфессияаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін М.Тілеуберді Мемлекет басшысының атынан М.А. Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рим папасы #Қазақстан #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды

Бүгін 09:27

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Бүгін 09:15

Ауа райы күрт суыды: Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті

Бүгін 09:04

БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Бүгін 08:51

14 өңірде дауылды ескерту жарияланды: қар, бұрқасын, тұман күшейеді

Бүгін 08:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі