AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Риддерде көлік 6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан...

Риддерде көлік 6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан таса болған

Оқиға 24.12.2025, 12:33 549 Сұлу
Риддерде көлік 6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан таса болған
Видео кадры

Көпқабатты үйдің ауласында 6 жасар баланы көлік қағып, оқиға орнынан таса болған. Оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші кейін табылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Мән-жай

Мәліметке сәйкес, жол апаты 23 желтоқсанда күндіз 4-шағынауданда болған.

"Алты жасар бала подъезден жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан көліктің астына түсті. Соққыдан бала бірнеше метрге ұшып кеткенімен, орнынан тұра алған. Жүргізуші сыртқа шығып, баламен сөйлескен де, өз ойынша "бәрі дұрыс" екеніне көз жеткізген соң көлігіне мініп, кетіп қалған", - делінген материалда.

Оқиғаны куәгерлер көрген, олар апат туралы жергілікті чатта жазған. Ауладағы бейнебақылау камералары соқтығыс сәтін түсіріп алған. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті пікір берді.

Полиция мәліметі

"23 желтоқсанда Риддер қаласында Lada X-Ray автокөлігінің жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің маңында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді", - деді ведомство.

Полицейлер жүргізушіні тауып, бөлімшеге жеткізген, ал көлік мамандандырылған тұраққа қойылған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданатыны айтылды.

Баланың жағдайы

Басылым дерегінше, қала әкімдігі баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлаған. Дәрігерлер кеуде тұсының соғылғанын анықтап, қажет көмек көрсеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШҚО #Жол апаты #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);