AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелде...

Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелдері салынды

Әлеумет 11.04.2023, 14:23 977 Almaty-akshamy.kz. 
Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелдері салынды
Сурет: ашық дереккөз

Қозғалыс қарқындылығы жоғары республикалық күре жолдарда жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жалғастыруда. 


Мәселен, Алматы облысында орналасқан қозғалыс қарқындылығы жоғары «Алматы-Бішкек» және «Алматы-Шелек-Қорғас» күре жолдарында бес жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, қолданысқа берілді. 



Жолды қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретін жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері «Алматы-Бішкек» тасжолының 23, 24, 28, 45-шақырымдарында және «Алматы-Шелек-Қорғас» күре жолының 33-шақырымында пайда болды. Жаңа жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің қасында Құмтоған, Алмабалық, Қасымбек, Бәйтерек елді мекендері және Керуен автостанциясы орналасқан, - делінген компания таратқан ақпаратта.



Құрылыс барысында ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай жасауға баса көңіл бөлінді. Жаңа жасанды қондырғыларда пандустар және арнайы платформалар бар. Ал жаяу жүргіншілердің ыңғайы үшін баспалдақтардың үстінде арнайы шатырлар қарастырылды. Сонымен қатар түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды.


Жаңа типтегі жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің қызмет ету мерзімі кемінде 15 жыл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республикалық трасса #жер үсті өткелдері #салынады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика