Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық маңызды бес жолды су басты

Республикалық маңызды бес жолды су басты

Әлеумет 28.03.2024, 11:04 992
Республикалық маңызды бес жолды су басты
Сурет: интернеттен

Кейбір жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.


Төрт облыста республикалық маңызы бар бес жолды қызылсу басып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазавтожол мекемесіне сілтеме жасап.


Мамандардың айтуынша, Абай, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарындағы жолдарда жағдай күрделі. Жалпы республикадағы жолдардың басым көпшілігін еріген қар суы алып жатыр.



"Абай облысындағы "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай - Боғаз" автожолының 707-941 шақырымында жеңіл автомобильдер үшін шектеу қойылды. Жолдың 878 және 923 км-де диаметрі 1 метр болатын бір нүктелі құбыр және екі аралықты көпір бар. Жол төсемін сақтап қалу үшін жол жиектері нығайтылып, жасанды біліктер жасалып жатыр", - дейді Қазавтожол мамандары.



Ақтөбе облысында "Қандыағаш – Ембі - Шалқар - Ырғыз" автожолының 288 шақырымында да осындай жағдай.



"Жолдың осы учаскесінде диаметрі 1,5 м болатын бір нүктелі су өткізгіш құбыр бар, одан әрі су ағынын болдырмау үшін 650 қап құм төселді. Сонымен қатар қосымша 480 тонна құм жеткізілді. Толып кету салдарын жою үшін жол жұмысшылары жұмылдырылды", - дейді ведомстводағылар.



Бұл жолмен жүруге көліктің барлық түріне шектеу қойылды.


Осы облыстағы "Самара-Шымкент" автожолын да қызыл су басып жатыр. Бұл жолда жеңіл автомобильдер үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.


Сондай-ақ Қостанай облысы "Жезқазған-Петропавл" автожолы 269 км-і еріген қар суының астында қалды.



"Бұл аумаққа да құбырлар қойылды. Жолдағы уақытша өзгерістерді белгілеу үшін уақытша жол белгілері мен сигналдық бағандар орнатылды. Жол төсемін оқшаулау үшін көлемі 150 текше метр инертті материал ағаш, қоқыс тас дайындалды. 3 бірлік техника және 9 адам жұмылдырылды", - дейді жол мамандары.



Ұлытау облысында да дәл осындай жағдай. "Ақшатау – Ортау - Бидайық" автожолын су басып жатыр. Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы саны 610 бірлік техника және 1558 адам жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #жол #қозғалыс #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі