AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық маңыздағы жолдарға проекциялық жолақ...

Республикалық маңыздағы жолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

Әлеумет 08.06.2023, 02:01 1,208
Республикалық маңыздағы жолдарға проекциялық жолақтар орнатылды
Сурет: 24.kz

Проекция жүргізушілерге жолдан өтіп бара жатқан адамды 100-150 метрден байқауға мүмкіндік береді.


Көлік қарқыны жоғары республикалық тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін ҚазАвтоЖол мамандары жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдерді орнатып жатыр. Мәселен, заманауи технология Алматы өңірінде орналасқан республикалық маңыздағы тасжолдарда пайда болды.


Бес жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдері елді-мекендердің, оқу орындарының және медициналық көмек көрсету пункттерінің қасына орнатылды.


А-2 "ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" тасжолының 29 шақырымында (Қарасай ауданы, Барыс автобазарының жанында);


А-4 «Алматы - Шамалған - Ұзынағаш-Аққайнар-Сұраншы батыр-ҚР шекарасы" тасжолының 52 шақырымында (Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінің жанында);


М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 40 шақырымында (Қарасай ауданы, Қошмамбет кентінің жанында);


А-2 "ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" тасжолының 24 шақырымында


(Талғар ауданы, Панфилов кентінің маңында);


Р-17 “Алматы-Талғар-Бәйдібек би" тасжолының 15 шақырымында (Талғар ауданы, Белбұлақ кентінің жанында) орнатылды.



Арнайы гобо-проекторлардың көмегімен ауа-райының кез келген түрінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер зебрасын анық көре алады. Проекция жүргізушілерге жолдан өтіп бара жатқан адамдарды 100-150 метр қашықтықта уақтылы байқауға мүмкіндік береді.



Дәл осындай 30-ға жуық проекциялық жолақ бұған дейін еліміздің


тоғыз өңірінің республикалық маңыздағы тасжолдарына орнатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#проекция #жол #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);