Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Алматыға мемлекеттік сапарына байланысты 14 қазанда жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібіне уақытша өзгерістер енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Алматыға мемлекеттік сапарына байланысты 14 қазанда жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Сапар аясында Қазақстан мен Бельгияның ресми делегациялары, сондай-ақ іскерлік және академиялық орта өкілдері қатысатын бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.
Ресми іс-шаралардың өтуіне байланысты 14 қазанда Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.