конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық жолдарда қыс мезгілі алдындағы күтіп...

Республикалық жолдарда қыс мезгілі алдындағы күтіп-ұстау жұмыстары басталды

Әлеумет 26.10.2022, 11:50 1,663
Республикалық жолдарда қыс мезгілі алдындағы күтіп-ұстау жұмыстары басталды
Сурет: Kazlenta.kz

Жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде.


Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы қыс мезгілінде күре жолдарды қардан тазалап, күтіп-ұстау жұмыстары үшін қажет арнайы техниканы, 400 өндірістік база мен қойманы, 125 жылыту пунктін дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда, атап айтқанда —120 мың шаршы метр құм, 23 мың тонна тұз, 1200 тонна химреагент қоспалары дайындалуда. Сонымен қатар қалың қар басу қаупі жоғары учаскелер анықталды. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың шақырымды құрап отыр. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары аясында бұл учаскелер ерекше бақылауда.


Республикалық маңызы бар жолдарды қолданушылар қыс мезгілінде алыс сапарға аттанарда көлікті әбден дайындауы қажет. 


Күн райының бұзылуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жазғы автомобиль шиналарын қысқы шиналарға ауыстыру маңызды.


Алыс сапарға аттанар алдында көліктің техникалық жай-күйін және жанармай мөлшерін тексеру керек. 


Ауа райы күрт нашарлағанда, жол қозғалысы ережелерін қатаң түрде сақтаған абзал. 


Көлікте қалың киім мен медициналық алғашқы көмек қорапшасы болуы керек. 


Ауа райы болжамын жіті қадағалап, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдау қажет.


Штаттан тыс жағдай туындаса, республикалық автожолдарды пайдаланушылар "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына жүгіне алады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#республикалық жолдар #қысқа дайындық #күтіп-ұстау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Кеше 16:58

Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

Кеше 16:48

«Іле-Балқаш» резерватында 300 гектар аумақта өртке қарсы қорғаныс жолағы әзірленді

Кеше 16:44

Шарын ұлттық паркінде өрт жиілейтін уақытта соғды шағаны тоғайын қорғау жағы күшейтілді

Кеше 16:31

«Көлсай көлдері» ұлттық паркі өрттен дін аман

Кеше 16:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);