AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / #Республика күні. «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» дө...

#Республика күні. «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» дөңгелек үстелі өтеді

Саясат 18.10.2022, 08:09 2,888
#Республика күні. «Ұлы даланың ұлтаралық тілі»  дөңгелек үстелі өтеді
Сурет: Assembly.kz

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесінде 25-қазан Республика күні ұлттық мереке мәртебесіне қайта ие болған күн.


Республика күніне орай Алматы қаласының «Достық» үйінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері мен қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белсенді тіл жанашырлары қатысады. Іс-шарада мемлекеттік тілдің қоғамдық  тұрақтылықты сақтаудағы маңызы, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру туралы өз пікірлерін ортаға салады.


 Мемлекет Басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» деген болатын.


Қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау барлық қазақстандықтарға ортақ іс.  


Алматы қаласы әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен түрлі байқаулар мен іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.


Елімізде өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау мен дамыту мақсатында этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылған.


Бұл іс-шараның мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, сонымен қатар этнос өкілдерінің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.


Байланыс телефондары: 8(727)3900172, 3900094.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дөңгелек үстел #ұлтаралық тіл #этнос өкілдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);