AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / #РЕСПУБЛИКА КҮНІ. Алматыда Қазақстанның ең үлкен Т...

#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. Алматыда Қазақстанның ең үлкен Туы желбіреді

Әлеумет 22.10.2022, 09:43 2,351
#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. Алматыда Қазақстанның ең үлкен Туы желбіреді

Кәсіби парашютші Олег Тощев ұшақтан парашютпен секіру кезінде көлемі 800 шаршы метр болатын Қазақстанның ең үлкен Туын әуеде ашты.


Ол Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Республика күніне арналған «Ашық аспан» акциясы Іле Алатауы таулары аясында, Алматы облысының аумағында өтті.



«Тудың көлемі - 800 шаршы метр. Бұл ту Астананың басты флагштогында (450 шаршы метр) орнатылған Тудан екі есе үлкен. Ол өте қысқа мерзімде - екі апта ішінде осы бірегей оқиға үшін арнайы жасалды. Бұл іс-шара аспанда ашылған ҚР ең үлкен Туы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Секірудің биіктігі 3000 метрді құрайды. Бұл ең танымал Шымбұлақ тау шаңғысы курортының деңгейінен жоғары», - деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Тілек Каналин.



Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ, этносқа қарамастан, бір-біріне деген толерантты қатынасты сақтау екенін айтты.



«Ту - бәрімізді біріктіретін мемлекеттік рәміз, бұл біздің Тәуелсіздігіміздің символы. Біз өз Туымызға құрметпен қарауды, мемлекетімізге деген патриоттық сезімді нығайтуды қалаймыз», - деп атап өтті Тілек Каналин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ту #Алматы аспаны #Рекорд #ашық аспан #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Душанбеде өткен үкіметаралық комиссияның отырысына қатысты

Бүгін 18:45

Мемлекет басшысы Чехия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Бүгін 17:30

«Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық фестивалі мәресіне жетті

Бүгін 17:05

Сана жаңғыруға тиіс

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);