конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / #РЕСПУБЛИКА КҮНІ. 25 қазан еліміздегі ең ұлық мейр...

#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. 25 қазан еліміздегі ең ұлық мейрамдардың бірі болуға әбден лайықты - сенатор

Әлеумет 22.10.2022, 06:51 1,840
#РЕСПУБЛИКА КҮНІ. 25 қазан еліміздегі ең ұлық мейрамдардың бірі болуға әбден лайықты - сенатор
Сурет: Elorda.info

1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.


Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы 25 қазан еліміздегі ең ұлық мейрамдардың бірі болуға әбден лайықты екендігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осыдан бастап біздің Отанымыз – Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең дербес мемлекет ретінде әлем картасынан ойып орын алды. Осы тұрғыдан алғанда, 25 қазан еліміздегі ең ұлық мейрамдардың бірі болуға әбден лайық. 


Елімізде бұл күн 2009 жылға дейін ұлттық мереке ретінде тойланып келді. 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты, 25 қазан – Рес­публика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Шын мәнінде, біздің елдің өз егемендігін жариялаған бас мейрамы болуы керек еді. Ал оны 16 желтоқсанмен қабаттастыру тым ыңғайсыз.


1986 жылы 16, 17, 18 желтоқсан күндері Алматы қаласында қазақ ұлтының қаны төгілді. 2011 жылы 16 желтоқсанда да Жаңаөзен қаласында тағы қан ақты. Ендеше мемлекет құрылған күнді осындай трагедиясы бар күнде тойлау моральдық тұрғыдан дұрыс емес. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынуы өте орынды шешім болды. Біз 16 желтоқсанды Тәуелсіздік мерекесі деп тойлағанымызбен, 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация жарияланған сәттен бастап Қазақстан төрткүл дүниеге дербес мемлекет ретінде танылған. Бұл – тарихи шындық. Міне, биылдан бастап осы бір ұлық күн өз мәртебесін алды. Мереке құтты болсын, отандастар»! – деді сенатор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенатор #пікір #25 қазан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);