AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Республика бойынша 113 жаңа спорт нысаны салынады

Республика бойынша 113 жаңа спорт нысаны салынады

Спорт 13.12.2023, 10:44 1,336
Республика бойынша 113 жаңа спорт нысаны салынады
Сурет: Akorda.kz

 Министрліктің негізгі мақсаттарының бірі – спорт инфрақұрылымын дамыту арқылы халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру.


Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша әр өңірде жұмыс істеп тұрған объектілердің орта есеппен 20%-ы талапқа сай еместігі анықталған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымға, атап айтқанда ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізбесі айқындалады. Келесі жылдан бастап «Модульдік үлгідегі тез салынатын аз шығынды 100 спорт нысан» жобасы іске қосу жоспарланып отыр.


Республика бойынша алдағы екі жылда 113 жаңа спорт нысаны салынады, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып қолданыстағы 26 нысан қайта жаңартылады.


Алматы облысында олимпиадалық дайындық базасының құрылысы аяқталуда. База бір уақытта 2300 спортшыға 23 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейді. Ұлттық құрамалар мен облыстық командалар маңызды жарыстар алдында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады.


Елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысы жүргізілуде, нысанды 2025 жылы қолданысқа беру жоспарланып отыр. Университеттің іске қосылуы кадрларды даярлаудың бастапқы кезеңнен бастап, жоғары жетістіктер спортына дейінгі үдерісін үздіксіз алуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #құрылыс #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);