AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Respublica партиясы ресми түрде тіркелді

Respublica партиясы ресми түрде тіркелді

Саясат 18.01.2023, 13:00 1,665
Respublica партиясы ресми түрде тіркелді
Сурет: Ашық дереккөз

Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды.


Respublica партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз», - деп жазды Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.



Айта кетейік, партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.


Сондай-ақ, Әділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді.



«Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды», - делінген хабарламада.



Өткен жылғы 19 желтоқсанда Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, осы Respublica партиясы ресми тіркелгенін айтқан еді.


Артынша, Әділет министрлігі жаңа саяси партия тіркелгені жайлы өз ақпаратын жоққа шығарды.


Айта кетейік, бұл - елімізде тіркеліп отырған жетінші саяси партия:


1. AMANAT партиясы;


2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;


3. «Қазақстан халық партиясы»;


4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;


5.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;


6. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы;


7. «Respublica» партиясы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Respublica #партия #тіркеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);