AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы:...

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Саясат 02.02.2026, 17:58 227
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды
сурет: Республика партиясының ресми сайтынан
 
 
Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды.

Кездесу негізгі заңға салмақты көзқараспен қарап, ортақ партиялық ұстанымды қалыптастыруға арналған ашық диалог алаңына айналды.

Отырысты ашқан партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров ұсынылып отырған құжатты мемлекеттің дамуы үшін сапалық тұрғыдан жаңа кезең деп бағалап, талқылаудың бағытын айқындады.

«Бүгін біз мазмұны терең, мәні бөлек құжатты талқылап отырмыз. Жаңа Конституция - мемлекет пен азамат арасындағы жаңартылған қоғамдық келісім», — деді ол.

Төраға құжатта унитарлы құрылым мен аумақтық тұтастықтың мызғымай сақталғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жаңа жобаның өзегінде адамға бағытталған, азаматтың құқығы мен қадірін алдыңғы орынға қоятын көзқарас бар екенін айтты.

«Respublica үшін бұл – қағида. Біз мемлекет адам үшін қызмет етуі керек деп есептейміз», — деп түйіндеді Айдарбек Қожаназаров.

Өңірлік партия жетекшілері реформаның практикалық қырларына тоқталды. Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әубәкіров ғылым мен инновацияның Конституцияда бекітілуі жоғары технологиялы экономикаға өтудің берік негізі екенін атап өтті.

«Қарағанды өңіріндегі бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғам жаңа Конституция жобасын қолдайды. Біз бұл реформаны әлеуметтік әділеттіліктің тірегі, мемлекетке деген сенімді нығайтатын және ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықтың құралы деп көреміз», — деді ол. Сондай-ақ бір палаталы Құрылтайды қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін күшейтудің маңызын атап өтті.

Re.Women әйелдер қауымдастығы мен ReJastary жастар қозғалысының өкілдері реформаны азаматтық қатысуды кеңейтетін нақты тетік ретінде қолдайтындарын білдірді. Атырау облысындағы Re.Women қауымдастығының төрайымы Гүлназ Кәрімжан қоғамдық диалогты кеңейту мен Халық кеңесі секілді институттардың енгізілуі ашықтық пен әділет қағидаттарына сай келетінін айтты.

«Re.Women қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Бұл құжат ел дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», — деді ол.

Шығыс Қазақстан облысындағы ReJastary үйлестірушісі Жігер Сәрсенбаев Конституцияда бекітілген «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары жастардың әлеуетін іске асыруға және ел өміріне жауапкершілікпен араласуына негіз болатынын атап өтті.

«Әділетке және құқыққа сүйенген мемлекет ең алдымен жас ұрпақтың тағдырын айқындайды», — деді жастар қауымдастығының өкілі.

Отырыста сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, Respublica партиясы фракциясының мүшелері Нұргүл Тау, Олжас Құспеков, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова, Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, Павлодар облыстық филиалының төрағасы Амангелді Маханбет, Астана қалалық филиалының төрағасы Шыңғыс Түсіпбаев сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістер аясында ұлттық бірлікті нығайту мен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттырудың маңызын өңірлік тұрғыда баяндады.

Талқылау қорытындысында ортақ әрі айқын шешім қабылданды: Respublica партиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайды. Қатысушылар бұл құжатты азаматтардың әл-ауқатына бағытталған, әділетті әрі берік мемлекет құрудың негізі деп бағалады. Партия алдағы жалпыұлттық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін білдіріп, барша азаматтарды елдің болашақ Негізгі заңын қалыптастыруға атсалысуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңа заң #Республика партиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика