Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?

Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады? Сурет: Naryntany.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 13 желтоқсанға қараған түннен бастап «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің жиналғанын хмәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жүк көліктерінің жиналуы 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты туындаған — қалың қар, боран, көктайғақ.

Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген, және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 2024 жылдың 13 желтоқсанында сағат 22:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты, жүк көліктерінің қозғалыс бағыты бойынша жүріп өту мүмкіндігі жоқ және олар ауа-райының жақсаруын күтуде.

Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, яғни кемпингтерде ауа-райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты өзгерту ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17