AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік тол...

Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

Референдум 16.03.2026, 16:33 246 yakiya
Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

Қазақстанда өткен республикалық референдум кезінде халықаралық бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина мәлімдеді.

Оның айтуынша, дауыс беру процесі мен референдумды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес өткен.

«Заңбұзушылықтарға қатысты қандай да бір ескерту айтуға негіз жоқ. Өйткені барлық рәсімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Мұны өз көзіңмен көргенде анық байқайсың. Шын мәнінде, мұның артында Орталық комиссияның басшылығымен жұмыс істеген референдум комиссияларының, сондай-ақ барлық жауапты органдардың үлкен еңбегі жатыр. Олар азаматтардың дауыс беруіне барлық мүмкіндіктердің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне жағдай жасады», – деді Бударина.

Ол дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсететінін атап өтті.

«Мұны біз дауыс беру нәтижелерінен көріп отырмыз. Бұл азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар дауыс беру үшін барлық мүмкіндіктердің толық қамтамасыз етілгенін аңғартады. Бұған комиссиялардың дауыс беру тәртібі мен рәсімдері туралы жүргізген кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да ықпал етті. Тағы да атап өткім келеді – бұл мүмкіндіктер толық әрі жан-жақты қамтамасыз етілді», – деді Ресей ОСК өкілі.

Наталья Бударина сондай-ақ дауыс беру учаскелеріндегі атмосфераға тоқталды.

«Учаскелерде өте жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Мұны референдумға қатысушылар да, бақылаушылар да байқады. Кейбір жерлерде кезек болғанына қарамастан, бәрі өте сыпайы әрі ұйымшыл жағдайда өтті», – деп қосты ол.

Оның айтуынша, атқарылған жұмыстар референдумның ашық әрі қолжетімді өтуіне мүмкіндік берген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Кеше 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика