конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жас...

Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Заң мен тəртіп 22.09.2025, 10:05 638 Сұлу
Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген ер адам экстрадицияланды.

Тергеу барысында бұл тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл ақпанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар биыл мамырда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #экстардиция #Ресей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Бүгін 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Бүгін 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);