Реформаның жаңа кезеңі: Үкіметке шешуші міндеттер жүктелді

Реформаның жаңа кезеңі: Үкіметке шешуші міндеттер жүктелді akorda.kz

Қазір еліміз түбегейлі саяси-әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үстінде. Әрі бұл реформалар нақты мақсаттарды көздеп отыр.

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан біз жалғасып жатқан реформалардың ең бір күрделі әрі шешуші кезеңіне аяқ басқанымызды көреміз. Яғни, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік құрылымдағы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы, қоғамда орнықтыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидаты, басқарушы биліктің «Еститін үкімет» қағидаты және осының бәрі ұштаса отырып, «Әділетті Қазақстан» құру сынды бастамасы өзінің жаңа кезеңіне қадам баспақ. Әрі бұл реформалардың ең бір шешуші кезеңі болғалы тұр. Себебі, ендігі ауыр міндетті жүктейтін Үкімет пен Ұлттық банк елдің дамуына тікелей әсер ететін батыл қадам жасауына тура келеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы үкімет жетекшілерінің батыл да күрделі шешімдерді қабылдауға дайын болуын тағы да қайталап айтты. Президенттің бұл мәселені шегелей айтуында өзіндік үлкен мән жатыр. Осыған дейін жасалған әлеуметтік-саяси және құқықтық реформалар ендігі жерде үкіметтің тиімді әрекетімен, нақты да нәтижелі жұмысымен жалғасымын табуы тиіс. Ол үшін осыған дейінгі кейбір нақты секторлардың дамуына кедергілер біржолата жойылып, инвестиция тарту мен өңірлік дамуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға нақты қадам жасауға тура келеді. Бұл күрделі де батыл шешімдерді қабылдаумен жүзеге асады.

Мемлекет басшысы сөзінде Үкіметтің басты жауапкершілігін көрсете отырып: «Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы, сол шешімдерді іске асыруға тиіс», – деп атап көрсетті. Оған қоса мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен жауапкершілікті ала білуі де маңызды екеніне тоқталды.

Шешуші кезеңдегі үкіметтің жауапкершілігі ауыр екенін қоғам да анық түсініп отыр. Себебі, қазіргі жаһандық экономикалық белсенділік деңгейі және құбылмалы геосаяси жағдайлардың да сыртқы ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Айталық, ірі экономикалар арасындағы тарифтік тартыс пен сауда соғысы, санкциямен жауаптасулар әлемдік нарыққа өз ықпалын жасамай қалмайды. Энергия шикізаты экономикамыздан басым орынды иеленетіндіктен, энергия бағасындағы құбылмалылық та біздің нақты межелерден жаңылдыруы ғажап емес.

Міне, осындай күрделі кезеңде еліміз үшін бәсекеге қабілеттілікті қорғау және инвестициялық тартымдылықты жоғары деңгейде ұстап тұру аса маңызды. Сондықтан Президент тарапынан үкіметке басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеуге қабілетті болу, әрі үнемшілдікпен жұмыс істеу міндеті жүктеліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:37

09:26

09:19

09:04

08:55

08:33

08:04

07:54

07:36

19:54

19:34

18:47

18:31

18:23

17:47

17:23

16:29

15:26

15:15

15:04

14:35

14:26

14:21

12:38

12:31