AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Референдум - 2022 06.06.2022, 05:13 1,013
Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды
Сурет: Spik.kz

Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды


ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жариялады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикер келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылғы 6 маусымда таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі және шет елдердегі референдумның 10012 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды.



Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06%-ын құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 миллион 163 мың 863 адамды құрады.



Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны -18,66 пайыз немесе дауыс беруге қатысқандар санының 1 миллион 490 мың 475 адамын құрайды.



Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны – 1,58%-ды  немесе 125 мың 859 бюллетеньді құрады. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған, белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 2,58% - ды немесе 206 мың 096 бюллетеньді құрады.



Республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #қорытынды #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика