Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдумда байқаушыларға қандай талап қойылады?

Референдумда байқаушыларға қандай талап қойылады?

Референдум - 2022 29.05.2022, 09:45 1,235
Референдумда  байқаушыларға қандай талап қойылады?
Сурет: Liter.kz

Ақтөбе облысында бейпартиялық бақылау орталығы байқаушы болуға өтініш қабылдап жатыр, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ақтөбе қаласындағы «Азаматтық альянс» ғимаратында республикалық бейпартиялық бақылау орталығы облыстық филиалы штабының төрағасы Ерәділ Үббіниязов референдумға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.



"Азаматтық қоғам платформасынан республикалық бейпартиялық байқау орталығының облыстық филиалы референдум кезінде байқау жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіріп, барлық бейпартиялық байқаушыларды ынтымақтастыру мақсатында облыстық байқаушылар штабы құрылды. Бүгінде штабта байқаушылар бойынша координатор болып Аян Задыбекұлы және штабтың құқықтық сұрақтары бойынша координаторы болып Айша Төлеуова бекітілді. Қазіргі таңда облыс бойынша белгіленген 502 сайлау учаскесіне байқаушыларды даярлап жатырмыз. Сондай-ақ тіркелген байқаушылардың өз міндеттерін білуі, заң талаптарына сәйкес қызмет атқаруы мәселелеріне де аса көңіл бөлінеді", - деді ол.



Баспасөз мәслихатында журналистер штаб төрағасына облыстағы сайлау учаскелері бойынша қанша байқаушыдан өтініш түскенін, байқаушыларға қандай талаптар қойылатынын, сондай-ақ оларға қанша қаржы бөлінетінін сұрады.



"Бүгінге дейін орталыққа облыстағы 502 сайлау учаскесі бойынша байқаушы болуға екі мыңнан астам адамнан өтініш келіп түсті. Оларға қойылатын басты талаптар — қоғамдық ұйымдардың атынан құжаттары болуға тиіс және референдумды өткізуге байланысты барлық заңдылықтарды білуі керек. Байқаушыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді, бұл бағытта қазір демеушілер іздеп жатырмыз. Себебі қоғам белсенділері өз қалауымен келіп байқаушы болуға ниет білдіріп жатыр", - деді штаб төрағасы.



Оның айтуынша, әлі де қоғамдық ұйымдар атынан байқаушы болуға ниеттенгендер орталыққа келіп тіркелуіне болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #байқаушылар #заң #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика