AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдум ұйымдасқан түрде, тыныш және құқықтық а...

Референдум ұйымдасқан түрде, тыныш және құқықтық алаңда өтті – тәуелсіз байқаушылар

Референдум 16.03.2026, 16:46 273 yakiya
Референдум ұйымдасқан түрде, тыныш және құқықтық алаңда өтті – тәуелсіз байқаушылар

«Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда өткен республикалық референдумды тәуелсіз қоғамдық бақылаудың қорытындыларына арналған ашық баспасөз конференциясын өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу аясында қор басшылығы дауыс беру күні байқаушылар желісінің жұмысы туралы айтып, бақылаудың алдын ала нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі қорытындылармен бөлісті.

“Ел Дауысы” қоры 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде біз 6 мыңнан астам байқаушыны оқытып, даярладық. Бүгінге дейін өткен барлық электоралдық процестерге, соның ішінде парламенттік және президенттік сайлауларға қатыстық. Референдумды бақылау тәжірибеміз де бар. Биыл референдум өтетіні жарияланған сәттен бастап біз бірден үн қатып, аккредиттеу мерзімі жыл соңында аяқталғандықтан, оны жаңартып, тәуелсіз бақылауды ұйымдастыруға кірістік. Сонымен қатар, биыл 2020 жылдан бері бізбен тұрақты жұмыс істеп келе жатқан байқаушылар пулының қалыптасуының арқасында бақылау географиясын кеңейте алдық. Олардың тәжірибесінің арқасында бізге жаңа қатысушылар қосылды. Бұдан бөлек, жаңа байқаушылар әлеуметтік желілер арқылы маған тікелей хабарласты», – деді қор жетекшісі Аида Жексен.

Оның айтуынша, биыл қордың қоғамдық бақылау жобасы Қазақстанның 32 қаласын қамтыды. Олардың қатарында ірі өңірлік орталықтармен қатар шағын қалалар да бар. Қор байқаушылары Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Тараз, Түркістан, Петропавл, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Екібастұз, Жезқазған, Сәтбаев, Кентау, Талғар, Қонаев, Степногорск, Риддер және өзге де бірқатар елді мекендерде жұмыс істеді.

Аида Жексен дауыс беру күні бойы қор байқаушылары учаскелердің ашылуын, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын, учаскелердегі рәсімдердің сақталуын, комиссиялардың жұмысын, сондай-ақ дауыстарды санау мен қорытынды құжаттарды рәсімдеу процесін тіркеп отырғанын атап өтті.

Учаскелерден түскен ақпарат өңірлік үйлестірушілер арқылы жеткізіліп, қордың орталық штабында жинақталды.

Алдын ала бақылау нәтижелері бойынша, учаскелердің басым бөлігінде дауыс беру ұйымдасқан әрі тыныш жағдайда өтті.

Бақылау барысында рәсімдік сипаттағы жекелеген ескертулер мен сигналдар тіркелді, алайда олардың нәтижеге елеулі әсері жоқ.

Қор жетекшісі Аида Джексенова азаматтардың қоғамдық бақылауға белсенді қатысу деңгейі жоғары болғанын атап өтті:

«Қазақстанда азаматтық бақылауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз, мұны келушілер белсенділігінен де байқауға болады. Дауыс беру күні біздің байқаушылар еліміздің әртүрлі қалаларында жұмыс істеп, учаскелердегі жағдайды тіркеп, ақпаратты қор штабына жіберіп отырды. Біз үшін адамдардың қоғамдық процестерге қатысуға және рәсімдердің ашықтығы үшін жауапкершілік алуға дайын болуы маңызды», – деді ол.

Қор жетекшісі қоғамдық бақылаудың негізгі миссиясы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және заңнаманың сақталуын қадағалау екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #референдум маңызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);