AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар...

Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты

Референдум 15.03.2026, 15:41 163 Сұлу
Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты
Видео кадры

Алматыдағы референдум учаскелері дауыс беру орындары ғана емес, шағын қалалық мерекенің алаңына айналды. Таңертеңнен бастап учаскелер маңында музыка ойнап, тұрғындар отбасыларымен және достарымен жиналды. Көктемгі күннің шуақты ауа райы көтеріңкі көңіл күй сыйлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көптеген учаскенің жанында жастар ән айтып, би билеп, шағын импровизациялық өнер көрсетті. Бір жерде заманауи әуендер шырқалса, енді бір жерде ұлттық музыка орындалып, жастар мектеп аулалары мен алаңдарда би билеп, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Дәстүрлі ойындар да назардан тыс қалған жоқ. Жастар асық ойнап, айналасына көрермендерді жинады. Кейбір тұрғындар ойыншыларды қолдап, өздері де осы көне қазақ ойынында бағын сынап көрді.

Бірқатар референдум учаскесінің жанында қолөнершілер жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Мұнда қолдан жасалған әшекейлер, тоқылған киімдер, сөмкелер, шопперлер және түрлі авторлық бұйымдар ұсынылды.

Қала тұрғындары жәрмеңке сөрелерін қызығушылықпен аралап, шеберлермен әңгімелесіп, кәдесыйлар сатып алды.

Жас дауыс берушілердің айтуынша, референдумға қатысу олар үшін тек азаматтық борыш қана емес, сонымен қатар бұл күнді достарымен және жақындарымен бірге өткізуге мүмкіндік.

Учаскелердегі атмосфера референдумның алматылық жастар үшін маңызды саяси оқиғамен қатар, музыка, дәстүр және достық қарым-қатынас тоғысқан ерекше қалалық мерекеге айналғанын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика