AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықты...

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Референдум 16.03.2026, 17:40 280 yakiya
Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Қазақстанда өткен республикалық референдумның дайындық және өткізу барысын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) байқаушылар миссиясы 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап бақылап отырды. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, байқаушылар ел аумағында еркін әрі тәуелсіз жұмыс істеп, халықаралық байқау қағидаттарын сақтаған.

«Қазақстанның ұсынысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылар миссиясы 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап республикалық референдумды дайындау және өткізу барысына мониторинг жүргізді. Миссия ел заңнамасын және Достастық құжаттарын басшылыққа ала отырып, ашықтық, бейтараптық және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидаттарын сақтап, еркін әрі тәуелсіз жұмыс істеді», – деді Петришенко.

Оның мәліметінше, миссия құрамында 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

«Миссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізілді. Миссия штабы референдумға дайындық барысы туралы тұрақты түрде ақпараттық хабарламалар таратып отырды. Сондай-ақ баспасөзге арналған кездесулер ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар берілді. Осы орайда миссия жұмысы туралы жан-жақты әрі кәсіби ақпарат таратқаны үшін барлық журналистерге, жарияланымдардың дәлдігі мен жеделдігі үшін алғысымды білдіремін», – деді миссия басшысы.

ТМД байқаушыларының бағалауынша, Қазақстанның заңнамалық базасы демократиялық дауыс беруді өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

«Референдум өткізуге қатысты заңнамалық база жөнінде айтсақ, миссия Қазақстан заңнамасы халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары мен нормаларына сәйкес келеді және бүкілхалықтық дауыс беруді еркін әрі демократиялық негізде өткізу үшін жеткілікті құқықтық негіз болып табылады», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, Орталық референдум комиссиясы дауыс беруді ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған.

«Миссияның пікірінше, Орталық референдум комиссиясы референдумды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде дайындау және өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Барлық деңгейдегі комиссиялар, мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары бүкілхалықтық дауыс беру процесін кеңінен жариялап, ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті», – деді Петришенко.

Миссия дерегінше, дауыс беру күні байқаушылар елдегі көптеген учаскеде бақылау жүргізген.

«Референдум күні миссия өкілдері Қазақстанның тоғыз өңіріндегі 750-ден астам дауыс беру учаскесіне барды. Сонымен қатар шетелдегі учаскелерде де бақылау жүргізілді. Миссия мүшелерінің ақпараты бойынша, барлық учаскелер уақытында ашылып, дауыс беру Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталып, ұйымдасқан әрі тыныш жағдайда өтті», – деді ол.

Оның айтуынша, дауыс санау рәсімі заң талаптарына сәйкес жүргізілген.

«Дауыстарды санау рәсімі заңнамаға толық сәйкес өтті. Байқаушылар тіркеген жекелеген кемшіліктер техникалық сипатта болып, учаскелік комиссиялар тарапынан жедел түрде түзетілді», – деп қорытындылады ТМД байқаушылар миссиясының басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика