AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Саясат 19.02.2026, 17:12 8,770 Сұлу
Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында
Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясы

11 ақпанда Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығы жарияланды. 12 ақпанда Жарлық пен Конституция жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жария етілді. Осы сәттен бастап ел бойынша референдумға дайындықтың жоспарлы кезеңі басталды. Өңірлердің қатарында Алматы қаласы да бар.

Елдегі ең ірі мегаполисте дайындық қалай жүргізілуде, қандай жұмыстар аяқталды және тұрғындарды ақпараттандыру қалай ұйымдастырылғаны туралы Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова айтып берді.

– Қаламызда референдумға дайындық қалай жүріп жатыр?

– Жұмыс Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Алматыда 9 аумақтық және 654 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі жаңадан жасалды. Қазіргі уақытта тізімге 1,3 миллионнан астам адам енгізілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың түпкілікті тізімдерін учаскелік референдум комиссияларына беру 22 ақпанға – дауыс беру күніне 20 күн қалғанда жоспарланған.

Қазір негізгі кезең – комиссия мүшелерін оқыту. Референдум күні жұмыстың нақты әрі үйлесімді өтуін қамтамасыз ету үшін жүздеген семинарлар мен практикалық сабақтар жоспарланған.

– Алматыда алдағы референдум туралы азаматтарды ақпараттандыру жұмысы қалай ұйымдастырылған және тұрғындар сенімді ақпаратты қайдан ала алады?

– Тұрғындарға ақпарат алу ыңғайлы болуы үшін бірыңғай 1308 Call-орталығы жұмыс істейді. 23 ақпаннан бастап әкімдік пен Open Almaty сайттарында өзіңізді тізімнен тексеруге болады, мұндай мүмкіндік Telegram-бот арқылы да қолжетімді болады. Барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының сайтында және Алматы қаласының аумақтық референдум комиссиясының сайтында жарияланады.

Сонымен қатар, қала бойынша LED-экрандар іске қосылып, ақпараттық баннерлер орналастырылған.

– Референдум туралы ақпараттың жастарға, қарттарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді болуы үшін қандай іс-шаралар қабылданған?

– Біз ақпараттың баршаға жетуі үшін әртүрлі коммуникация арналарын қолдануға тырысамыз. Жастар үшін бұл ең алдымен онлайн-сервистер, мессенджерлер және әлеуметтік желілер. Аға буын үшін – теледидар, баспа басылымдары, радио және ақпараттық стендтер.

Ақпараттық материалдар қоғамдық көліктерде, медициналық мекемелерде, аялдамаларда орналастырылып жатыр. Учаскелер қолжетімділік талаптарын ескере отырып жабдықталған, бұл мүгедектігі бар азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Әрбір алматылық өзіне ыңғайлы форматта ақпарат алуы маңызды.

– Қазіргі уақытта комиссия жұмысының негізгі бағыты қандай?

– Қазір біз ұйымдастырушылық кезеңді аяқтап келеміз: комиссия мүшелерін оқыту, учаскелердің дайындығын тексеру, азаматтар тізімдерін беру және техникалық процестерді баптау. Референдум күні барлық үдерістердің нақты әрі іркіліссіз жұмыс істеуі маңызды. Біздің міндетіміз – дауыс беруді ұйымдасқан түрде өткізу және тұрғындарға оның тәртібі туралы түсінікті ақпарат беру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);