AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдум-2022: Сайлаудан тыс қалмаңыз!

Референдум-2022: Сайлаудан тыс қалмаңыз!

Референдум - 2022 02.06.2022, 13:00 1,248 Баймбетова А, Сүгірова Г.
Референдум-2022: Сайлаудан тыс қалмаңыз!
Cурет: Ашық дереккөз

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформалар мәселелері мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттары мен барлық азаматтардың мүдделерін қозғайтынын, сондықтан демократияландырудың одан әрі бағыттары туралы азаматтардың өздері шешім қабылдағаны маңызды екенін атап өтті. 


Конституциялық өзгерістер – бұл ресми саяси оқиға емес, онда халық басты шешім қабылдаушы тұлға ретінде қатысады. Қазақстандықтар үшін өз егеменді мемлекетінің  болашағының жарқын болуы, олардың еркін және лайықты өмір сүруге, жоспарлар мен армандарын іске асыруға мүмкіндік алуы – басты дүниетанымдарының ажырамас бөлігі және ең жоғары құндылығы. 


Еліміз үшін маңызды шешімдер Парламент қабырғасында немесе тар саяси шеңберде емес, жалпы халықтық референдумда қабылданатын күн жақындап қалды. Бесінші маусымда әрқайсымыз мемлекет тағдырын шешуге тікелей атсалысып, Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты өз пікірімізді айта аламыз. Ұсынылып отырған реформалар өз елін әділ және дамығанын көргісі келетін кез келген азаматқа барынша мүмкіндік береді.  
Бұл барлық қазақстандықтар үшін ауқымды және маңызды оқиға. Еліміздің азаматтары үшін «жаңа Қазақстан» үшін жаңа Конституция қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі пайда болды. 


Дегенмен, біздің өмірімізде және мемлекет өмірінде нақты не өзгереді деген сұрақ көпшілікті мазалауда. Бұл референдумнан халық көптеген өзгерістер күтетіні сөзсіз,  өйткені ұсынылған барлық түзетулердің тарихи маңызы бар, олардың ішінде ең бастылары: 
- Басқарудың суперпрезиденттік түрінен шығып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу;  
- Жаңартылған Конституция негізінде Парламенттің рөлі мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту; 
- Жер мен оның іші-сырты халықтікі деген ең маңызды норманы бекіту;
- Қазақстандықтардың Конституциялық сотқа өз бетінше жүгінуі және осылардан бөлек Конститутциямызға Қазақстан азаматтарының мүддесін ескеретін салмақты түзетулер енгізілуі.   


Конституцияның жаңа редакциясында барлығы 56 түрлі түзету бекітіледі деп күтілуде. Тіпті кәсіби заңгерлер де көзге көрінбейтін және заңнаманы тиісті кристалды-таза етіп даярлауда барынша атсалысуда. 


Конституциялық Кеңеске түзетулер жобасы тікелей енгізілгенге дейін де қоғамда бүкіл тиісті процесс оған ел азаматтарын тарта отырып, барынша ашық болуға тиіс екендігі туралы аз айтылған жоқ. Бұл - Қазақстандықтар өз Конституциясының тағдырын өздері шешетін республикалық референдум-қоғамның сауалына барабар жауап. 


Осындай ел үшін маңызды кезеңде білім мен ғылым саласындағы азаматтар, әрине, соның ішінде ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың халық алдындағы ерекше жауапкершілікті сезінетіні анық және бірауыздан еліміздің болашығы үшін әрбір азаматтың мүддесі үшін осы оқиғаға назар аударып қана қоймай, оған тікелей қатысуымыз қажет.  «Жаңа Қазақстанды – бірге құруға» мемлекетіміздің азаматы ретінде дауыс беру әрбіріміздің міндетіміз!  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Конституция #Жаңа Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);