AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Рамазан Оразов «Елімай» командасымен келісімшарт м...

Рамазан Оразов «Елімай» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Спорт 14.12.2025, 17:43 536 dulatbekova
Рамазан Оразов «Елімай» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты
Cурет: «Елімай» футбол клубы

Қазақстан құрамасының 27 жастағы тәжірибелі жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ресми түрде «Елімай» клубының ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Рамазан жаңа маусымға арналған келісімшартқа қол қойды. Ол өткен маусымда Данияның «Силькеборг» клубының құрамында ойнаған еді. Маусымның екінші жартысында «Елімайға» жалға берілді. Семейлік клубта футболшы 820 минут алаңда болып, 2 гол, 2 нәтижелі пасымен көзге түсті. 

- Тұрақты әрі нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен ойыншы жанкүйерлердің сеніміне ие болды. Нәтижесінде клуб жазғы трансферлік кезеңде футболшының келісімшартын толықтай сатып алды, - деп жазылған хабарламада.

Рамазан Оразов 1998 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2018 жылдан бері қазақстандық «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақсу», «Тобыл», Латвияның «Даугавпилс», Ресейдің «Чайка», Словенияның «Копер» клубтарында ойнады. 2024 жылдан бері Данияның «Силькеборг» клубының намысын қорғады. 

2021 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапына 37 кездесуде 1 гол соғып үлгерді.
«Елімай» клубы биыл Қазақстан Премьер-лигасында 48 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Алдағы жылы UEFA Конференция лигасында бақ сынайды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#елімай #Футбол клубы #Рамазан Оразов #Келісімшар #ұзарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әр екінші күні ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11:23

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Бүгін 11:20

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

Бүгін 11:12

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарында қола медаль алды

Бүгін 10:48

Қазақстандық оқушы Еуропаның математика олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика