AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Райымбек батыр мемориалдық кешені 2026 жылдың соңы...

Райымбек батыр мемориалдық кешені 2026 жылдың соңына дейін ашылады

Мәдени Алматы Бүгін 19:03 34 yakiya
Райымбек батыр мемориалдық кешені 2026 жылдың соңына дейін ашылады
Алматы әкімдігі

Жоба барысымен танысу үшін қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құрылыс алаңына барды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Райымбек батыр кесенесі аумағында ірі мемориалдық кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба тарихи тұлғаның ерлігін ұлықтап, ұлттық рухты күшейтуге және тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған.

Құрылыс жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Нысандарды салумен қатар аумақты көркейту, көгалдандыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту қатар атқарылып жатыр. Болашақта кешен заманауи, жайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.

Мамандар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарын айтты. Кездесу барысында әкімнің орынбасары құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесін талқылап, мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Кешен орналасатын аумақтың жалпы көлемі 41 сотық, ал құрылыс алаңы 1481 шаршы метр болады. Оның ішінде 846,7 шаршы метрі музейге арналған. Кешен құрамына ескерткіш, батырдың өмірі мен ерлігіне арналған көрме залдары, сондай-ақ мәдени және білім беру іс-шараларына арналған кеңістіктер енеді.

Музей заманауи үлгіде жасақталып, жасанды интеллект, мультимедиялық және интерактивті технология кеңінен қолданылады. Келушілер VR-турлар арқылы тарихи оқиғаларды сезініп, цифрлық көрме мен интерактивті таныстырылым арқылы тарихи-мәдени мұраны тереңірек танып-біле алады.

Сонымен қатар, интерактивті аймақтар да қарастырылған. Олардың қатарында VR негізіндегі «Ақылды садақ» және күшті өлшейтін «Батыр күші» кескіндемесі бар.

Қазір музей қорын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Кешенді пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи жадты жаңғыртуға және саналы ұрпақ тәрбиелеуге серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Райымбек батыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23

ШҚО полицейі бастаған ел құрамасы Түркиядағы халықаралық сайыста жүлде алды

Бүгін 19:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);