AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Рафаэль Гросси: Қазақстанның атом өнеркәсібін дамы...

Рафаэль Гросси: Қазақстанның атом өнеркәсібін дамытуда зор әлеуеті бар

АЭС: Референдум 19.09.2024, 10:15 1,289 Nursok82
Рафаэль Гросси: Қазақстанның атом өнеркәсібін дамытуда зор әлеуеті бар
видеодан алынды

Венадағы Атом энергиясы халықаралық агенттігі бас конференциясының 68-ші сессиясы аясында Қазақстан павильоны ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Салтанатты шараға агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, еліміздің Австриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді және Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев қатысты.

Көрме бейбіт атом энергетикасын дамытуға, еліміздің жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесіне және уранның тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуге арналған. Қазақстан павильонының ашылуында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы инновациялық өнімдерімен таныстырды. Олар табиғи уран концентраттарының бірегей дерекқорын қамтиды. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл осы стратегиялық ресурстың айналымы мен қауіпсіздігін бақылауды арттыруға, сондай-ақ ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ядролық физика институтында елдегі атом қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтетін ядролық сот-сараптамалық зерттеулер зертханасы жұмыс істейді.

- Осы конференция барысында Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі жетістіктері және халықаралық нарықтарға уранды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету тұрғысынан жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіміз атап өтілді. Жалпы уран кен орындарын игеруде бірегей тәжірибесі бар, халықаралық нарыққа уран өнімдерін тұрақты жеткізуші беделіне ие Қазақстанның атом өнеркәсібін дамытуда зор әлеуеті бар деп айта аламыз, - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Қазақстан павильонын аралаған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси еліміздің атом энергетикасын дамытуда шешуші рөл атқаратынын  айтты. Ол Қазақстанның орасан зор ресурстары мен инновациялық бастамалары агенттіктің жұмысына елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Гросси Қазақстанның төмен байытылған уран банкін орналастырудағы орнын ерекше атап өтті.

- Қазақстанның бүкіл әлемдік ядролық қоғамдастықта атқаратын маңызды рөлін атап өту – мен үшін үлкен мәртебе. Біз ынтымақтастығымызды, әсіресе таза ядролық энергияны дамыту бағытындағы қарым-қатынасымызды  жоғары бағалаймыз. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік осы маңызды өтпелі кезеңде Қазақстанды қолдауға дайын, деп хабарлайды Атом энергиясы халықаралық агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси.

Рафаэль Гросси ядролық қоғамдастықты және Қазақстанды көрмеде ұсынылған жетістіктерімен құттықтап, ынтымақтастықты одан әрі  жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #ядролық қоғамдастық #Атом энергиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);