AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қызылша өте жұқпалы ауру

Қызылша өте жұқпалы ауру

Медицина 23.09.2023, 09:16 1,904
Қызылша өте жұқпалы ауру
Almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 136 науқас стационарлық ем алып жатыр, оның 108-і қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.


«Науқастар арасында қызылшадан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы орташа ауыр», - делінеді ведомствоның хабарламасында.


№36 қалалық емхананың инфекционист дәрігері Бөпеш Әмірханова қызылшаның өте жұқпалы жіті вирустық инфекция екенін және ауруды бірден анықтауға болмайтынын айтты.


"Сондықтан егер сау адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, онда бұған ерекше мән беру керек. Әдетте қызылша ауа тамшылары арқылы жұғады. Бұл ретте патологияның өзі ғана емес, инфекцияның салдары да қауіпті. Ауру катаральды белгілерден басталады. Яғни, жоғары температура, жалпы интоксикация белгілері, жұтқыншақтың, конъюнктива мен тыныс алу мүшелерінің шырышты қабығының қабынып зақымдалуы болады", - деді ол.


Дәрігердің сөзінше, аурудың негізгі таралу көзі – ауру адам болып табылады. Сондай-ақ қызылшамен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Аурудың алғашқы белгілері ЖРВИ белгілеріне өте ұқсас. Қызылша бөртпесі ауру басталған соң 3-4 күннен кейін пайда болады.


"Дақтар әдетте бет пен мойында шыға бастайды, кейін денеге, аяқ-қолға таралады. Бұл қызылша ауруына тән белгілердің кезеңі. Екпе алмаған және қызылшамен ауырмаған адамдардың 90%-ы қызылшамен ауыратын адаммен байланысқа түссе, ауруды жұқтырады. Егер адам қызылшаны жұқтырғанына күдігі болса әрі ауру адаммен байланыста болғанын нақты білсе, ең алдымен жұқпалы ауру дәрігеріне көріну керек. Өзін-өзі емдеуге қатаң тыйым салынады. Тек дәрігер ғана дұрыс терапияны тағайындай алады», - дейді Бөпеш Әмірханова.


Қызылша ауыр асқынуды тудыруы мүмкін екенін ескеру керек, сондықтан дереу дәрігерге қаралған дұрыс. Кей жағдайда асқынуды емдеу үшін ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.


Қызылшаның алдын алудың ең жақсы жолы - екпе алу. Балалар қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинаның екі дозасын алуы керек, бірінші дозаны 12-15 айда, екінші дозаны 6 жаста алады.


«Статистикаға сүйенсек, бұл ауруға балалар көбірек бейім болады. Сондықтан екпе сіздің балаңыздың қызылшамен ауыруы немесе ауырмауында үлкен рөл атқарады. Балаңыздың екпе алғанына сенімді болмасаңыз, дәрігерге хабарласып, баланың медициналық құжаттарын тексеріп, дәрігермен екпе алу мүмкіндігі туралы сөйлесіңіз", - деді Бөпеш Әмірханова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазылша #Вирус #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика