AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қызылордалық студенттер күріштен қағаз шығарады

Қызылордалық студенттер күріштен қағаз шығарады

Өмір-өзен 18.11.2022, 05:10 1,616
Қызылордалық студенттер күріштен қағаз шығарады
Сурет: Еgemen.kz

Аймақта бір жылда шамамен 500 мың тонна күріш жиналады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері күріштен қағаз шығаруды үйренді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оны сапасы айналымдағы кеңсе қағаздарынан кем түспейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.


"Аймақта бір жылда шамамен 500 мың тонна күріш жиналады. Бұдан шығатын қалдықтың да көлемі соған пара-пар. Дән жиналғаннан кейін, сабандар алқаптарда өртеледі. Ал оның адам денсаулығына зияны көп", - дейді жас ғалымдар. Сондықтан да күріш қалдықтарын кәдеге жаратып, қағаздың негізгі шикізатын ойлап тапқан.



«Целлюлоза бізде қарапайым А4 кеңсе тауары болып табылады. Осының құрамында бар, жалпы, біз жасаған целлюлозаның проценті толығымен стандарттық жобаларға сай келеді. Толығымен қағаз болып шығу үшін, біз кішкене бөлшектерін алдық. Бұған бірінші кезекте үлкен жұмыс күші және үлкен үлкен аппараттар да қажет болады», - дейді студент Мағжан Бекқожаев.



Бұл шикізаттан кеңсе қағазынан бөлек, майлық, дәретхана қағазын шығаруға болады. Тіпті, әскери құрылғылар жасауда да қолданылады екен. Мұндай жоба бұрын-соңды елімізде болмаған.



«Алматыда қағаз шығаратын зауыт бар, сол зауыттың өкілдері келіп, біздің жұмысқа қызығып, үлгілерімізді алып кетті. Одан бөлек, ресейлік ғалымдар бар. Ғылым қорының басшылығы да келіп, осы жұмысқа қызығушылық танытты. Қазір инвестор болуға дайын тұрған бизнес әріптестеріміз де бар», - деп атап көрсетті профессор Нұрбол Аппазов.



6 жылдық еңбектің нәтижесін көрген ғалымдар күріш сабанын зерттеуді одан әрі жалғастырмақ. Олар енді биотыңайтқыштар жасап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күріш #қағаз #целлюлоза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);