AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотт...

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Оқиға 28.03.2026, 14:10 213 Дина
Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Қызылордада интернет арқылы алаяқтық жасаған 31 жастағы ер адамға үкім шықты. Ол Instagram желісінде жалған парақша ашып, 121 адамды алдап, шамамен 9 миллион теңге шығын келтірген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қызылордада интернет-алаяқтық жасаған ер адам сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, алаяқтың әрекетінен республика бойынша 121 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құраған.

31 жастағы Қызылорда тұрғыны 2025 жылғы 19 қарашада интернетті пайдалану арқылы жасалған алаяқтық үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ол 2024 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге әрекет еткен. Алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін Instagram әлеуметтік желісінде «Dake_87057380827» атауымен жалған аккаунт ашқан. Күдікті өзге адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарды адастырған.

Ол жәбірленушілерге «салған қаражатты үстемемен қайтарып беремін» деп уәде беріп, ақша аударуға көндірген. Кейін түскен қаржыны букмекерлік кеңсе мен төлем жүйесі арқылы иемденіп отырған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеген.

Қазір сотталған азамат тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылаумен жазасын өтеп жатыр. Үкім заңды күшіне енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);