AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қызанақтан коронавирусқа қарсы вакцина жасалды

Қызанақтан коронавирусқа қарсы вакцина жасалды

Алматы 27.08.2021, 20:44 1,464
Қызанақтан коронавирусқа қарсы вакцина жасалды
Сурет: Nivenskoe.com

Өзбек ғалымдары жаңа вакцина жасап шығарды


Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Геномика және биоинформатика орталығының ғалымдары қызанақтан COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Қызанақты ас ретінде пайдаланғанда, ол асқазанда ыдырап, антидене түзеді. Тәжірибе аясында біздер Өзбекстанда табылған коронавирусты алып, оның бір бөлігін клондап, өсімдік жасушасына енгізу арқылы тексеріп көрдік. Нәтижесінде вакцина шынымен өсімдік жасушасынан бөлінуде», - дейді орталық директоры Забардаст Буриев.



Оның айтуынша, азық-түлікпен вакцина жасау тәжірибесі Ресей мен Канадада сүт пен жүгері сияқты өнімдерде қолданылуда. Олардың клиникалық сынақтары да аяқталуға жақын. Орталық директорының мәліметіне қарағанда, қызанақта синтезделген коронавирустың S-ақуызы асқазан арқылы ішекке еніп, иммундық жүйені оятады. Осылайша пайда болған антиденелер қоздырғышпен күресе бастайды. Мұндай вакциналар балалар үшін өте қолайлы. Қазіргі кезде вакцина зертханада жетілу процесінде. Содан кейін оны тышқан, қоян және егеуқұйрық сынды жануарларда сынақтан өткізіліп, нәтижелері талданады. Жоспар бойынша сынақтардың биыл аяқталуы көзделген. Мамандардың айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы вакцина Канадада темекі мен жүгеріден, ал Ресейде биокефирден, яғни сүт өнімдерінен алынады. Вакциналық өнім асқазан арқылы ішекке өтеді және ішекте антиденелердің сіңуі нәтижесінде организмде иммундық жүйенің жұмысына байланысты коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #індет #вакцина #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Бүгін 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);