Қыз Жібектің қамзолын киіп көрсетіп, басы дауға қалған Баян Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға ай сайын 1 миллион теңгеден тұрақты түрде төлеп тұруға уәде берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Белгілі продюсер қоғамда шу тудырған атышулы қамзолға қатысты жоспарын да айтты. Қамзолды тағы да киіп көрсеткен продюсер оның қазір қауіпсіз орында сақтаулы тұрғанын айтты.
— Бұл бұйым маған оны ұзақ жыл сақтап келген әйелдің сыйы ретінде берілді. Камзолдың алдағы тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді. Әзірге ол менде. Уақыты келгенде, әрине, ұлттық құндылықты музейге тапсырамын, — деді ол.
Сондай-ақ Алагөзова фильмде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға үндеу жасап, ризашылық белгісі ретінде оған тон сыйлағысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ, продюсер өнер иесіне ай сайын 1 миллион теңгеден тұрақты түрде төлеп тұруға уәде берді.
— Меруерт апай, сізге шағын сыйлығым — тонды табыстағым келеді, ұнайды деп үміттенемін. Сонымен қатар өз атымнан және жолдасымның атынан ай сайын өмір бойы 1 миллион теңге көлемінде алғыс ретінде төлем жасап тұруды жөн көріп отырмын, — деді продюсер.