конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайлықтардың да «қолы» епті екен

Қытайлықтардың да «қолы» епті екен

Әлем 10.02.2023, 06:14 939
Қытайлықтардың да «қолы» епті екен
Сурет: ашық дереккөз

Ыстамбұлдан - Бішкекке бағыт алған ұшақта Қытай азаматы ресейлік жолаушының арқа қоржынынан 6700 долларды ұрлаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. "Сводка АКИpress".


Ресейлік азамат құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өте берістегі креслоға жайғасып, сөмкесін орындық арқасында іліп қойғанын айтыпты. Ұшақ әуеге көтерілісімен ол ұйықтап қалған, ал оянған соң суы бар шөлмекті алғысы келген. Осы кезде ол арқа қоржыны басқаша жабылғанын байқайды. Ер адам бірден қоржынға салған он мың доллардай ақшасы орнында ма деп тексере бастапты. Ал ақша бумасын алып шыққанда, оның айтарлықтай азайып қалғанын байқаған.


Ол бірден артында отырған адамнан көмек сұрапты, осы кезде артындағы адам өзге жолаушыны нұсқап, Қытай азаматы оның қоржынына қол салғанын айтқан. Мұны байқай сала, қытайлық асыға-үсіге дәретханаға бет алыпты, алайда қайтып келісімен ұсталып қалды. Олар күдіктіні бортсерікке апарып, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізбек болған. Экипаж қызметкерлері дәретхананы ақтарып, қағаз тұратын орыннан жасырулы тұрған 6700 долларды тауып алыпты.


Әуе кемесі Бішкекке қона салысымен, ұрыны заң қызметкерлері ұстады. Сот оны 100 мың сом (526 мың теңге шамасында) айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қоса, оны Қырғызстаннан депортациялау туралы шешім қабылданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #ұшақ #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 18:00

Қайтарылған активтер: Ақтөбе облысындағы су құбыры желілерінің құрылысына 5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 17:36

Алматыда екі күн ішінде 3,3 мыңнан астам жүргізуші Жол қозғалысы қағидаларын бұзды

Бүгін 17:24

Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17%-ға артты

Бүгін 17:18

Атыраулық полицей тұрғындарды өрттен құтқарды

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);