AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қытайда COVID-19-ға шалдыққандар орталықтарда оқша...

Қытайда COVID-19-ға шалдыққандар орталықтарда оқшауланбайтын болды

Әлем 07.01.2023, 11:17 1,137
Қытайда COVID-19-ға шалдыққандар орталықтарда оқшауланбайтын болды
сурет: interfax.ru

Қытайда коронавирус жұқтырғандарды бір орталықта оқшаулап ұстау тоқтатылды.


ҚХР-да енді коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үйден емделе алады немесе медициналық мекеменің көмегіне жүгінуіне болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қытайда COVID-19-ға шалдыққандарды карантин орталықтарында оқшаулау алынып тасталды. Бұған дейін ҚХР билігі коронавирусты мүлдем таратпау саясатын жүргізіп, барлық әкімшілік-аймақтық мекемелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарға арнап карантин орталықтарын салған болатын.


Енді науқастарға ауруханадан шыққанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тесттің теріс нәтижесі қажет емес. COVID-19-ға диагностика жасау және емдеудің жаңа хаттамасында ауру бұрын «жаңа коронавирус пандемиясы» болса, енді «жаңа коронавирус инфекциясы» болып өзгерген.


Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеттің шешімі бойынша коронавирусқа қарсы күрес шараларының санаты ең жоғарғы А-дан В-ға түскен болатын.


Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының 2023 жылдың 6 қаңтарындағы дерегіне сәйкес, құрлықтық Қытайда өткен тәулікте 10,6 мың адам коронавирус жұқтырған. Денсаулық туралы мәлімет жинайтын Airfinity британдық компаниясының зерттеуі бойынша, COVID-тен тәулігіне 9 мың адамға дейін қайтыс болған. Пандемия басталғалы ҚХР-да коронавирустан 5267 адам қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #коронавирус #Оқшаулау орталықтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);