Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қысылтаяң кезеңде ешкім де ескерусіз қалған жоқ

Қысылтаяң кезеңде ешкім де ескерусіз қалған жоқ

Әлеумет 24.09.2024, 19:56 572
Қысылтаяң кезеңде ешкім де ескерусіз қалған жоқ
primeminister.kz

Үкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің 12 өңірі зардап шеккен тасқынының ауқымын атап өтті.

«Жағдайды Мемлекет басшысы өзінің жеке бақылауында ұстап отыр. Апатпен күресуге қолдағы барлық ресурстар мен күштер жұмылдырылды. Мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, белсенді азаматтар мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ауқымды жұмыс жүргізілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Адамдар уақытша баспанамен, тамақпен және күнделікті өмірге қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бүкіл халық болып Мемлекет басшысының үндеуіне құлақ асып, су басқан өңірлерге қол ұшын созды. Бәріне жәрдем берілді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Мәселен, өтініш берген барлық отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген залалды бағалау жұмыстарынан соң қираған немесе бүлінген мүлік үшін 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленді. Сонымен қатар отбасыларға 9 мыңнан астам үйді жөндеуге қаражат төленіп, нарықтан 6 мыңға жуық пәтер мен үй сатып алынды.  Бүгінгі таңда 2 576 үй салынды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыстар бітуге жақын. Үкімет басшысы жаңа тұрғын үйлерді тез арада аяқтап, баспаналарды тұрғындарға тапсыру қажеттігіне назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тасқын #Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика