AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қыс маусымында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау...

Қыс маусымында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды

Әлеумет 14.11.2022, 07:09 1,147
Қыс маусымында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы алғашқы қар жауған кезде дөңгелектерін «қысқыға ауыстырмаған» көлік иелері апатқа жиі ұшырады 


Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов автокөлік иелерін ауа райының құбылуына қарай, жолда барынша абай болуға шақырады. Мұндай ескертулер жаяу жүргіншілерге қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Полиция қызметкері Алматының күрт климаттық аймақта екенін еске салды. Біздің қала ауа температурасының күрт өзгеруімен ерекшеленеді. 



 «Бізде күндіз ауа температурасы 10 градус Цельсийді көрсетсе, түнде 0 градустан төмен түседі. Осыған байланысты таңғы және кешкі уақытта жол үсті қатқақ болып жатады.  Автомектептерде, әдетте, осындай кезде көлік жүргізуді үйретеді. Мұндай жағдайда жылдамдықтың кенеттен өзгеруін болдырмау, көлік құралын бірқалыпты басқару керек. Оған қоса, жүріп бара жатқан көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайту керек», – деді Болатбек Баятанов.



Қыс мауысымында жүргізушілер көлігінің техникалық күйіне ертерек назар аударып, дөңглектерін қысқы резинаға ауыстыру, жарық, әйнекті тазарту, электр сымдар жүйесі, аккумулятор қуатынның жұмысын тексеріп алғандары жөн. 



«Ауа температурасы төмендегенде, жазғы дөңгелектермен жүру өте қауіпті болады, тайғанау әсері пайда болады, көлік сырғанап, тоқтай алмай қалады. Қозғалтқыштан шығарып қою да қауіпті, өйткені мұндай кезде жол-көлік оқиғасы қаупі арта түседі. Қараша айында қар түріндегі алғашқы жауын-шашын түсіп, одан кейін жол-көлік оқиғаларының саны артты. Негізінен мұндай жағдайға көліктерін қысқы дөңгелекке ауыстырмаған жүргізушілер тап болады», - деді полиция полковнигі.



Тәртіп сақшысы күнтізбелік қысты күтудің қажеті жоқ екенін және  көлік резеңкесін қазірден бастап ауыстыру керектігін атап өтті. Өйткені, Жол жүру ережесінің «Жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған ақаулар мен жағдайлардың тізбесі»  5-бөлігінің 590-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Бұл ережені елемеген жүргізушілер айыппұл төлейді.


ӨКҚ брифингінде Болатбек Баятанов 2022 жылдың басынан бері Алматы қаласында 3073 ЖКО тіркелгенін, оның салдарынан 81 адам қаза тауып, тағы 3496 адам түрлі дене жарақаттарын алғанын айтты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 21,5%-ға, қаза тапқандар 20%-ға, жарақат алғандар 18%-ға өскен.



 «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Полиция департаменді кешенді түрде «Абайлаңыз, балалар», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шаралары өтеді», - деп тізіп шықты полиция қызметкері. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #брифинг #қысқа дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28

Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Бүгін 10:22

XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің бірінде бірегей білім беру кеңістігі құрылды

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика