Қырғызстанда Ыстықкөлді Алматымен байланыстыратын жол ашылды

Қырғызстанда Ыстықкөлді Алматымен байланыстыратын жол ашылды Сурет: Astanatv.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Түп-Кеген жолын ашты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

— Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол әсем Ыстықкөлді Қазақстанның Алматы облысымен және Алматы қаласымен байланыстырады. Алада, жоба тек жол құрылысымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ Ыстықкөл аймағында тұрақты туризмді дамытуды көздейді, — деді ол.


Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 52 шақырымдық Түп-Кеген жолы заманауи стандарттарға сай салынған. Жол учаскесінің 39-дан 76-ыншы шақырымына дейінгі бөлігі, сондай-ақ Қарқыра-Тұрық-Сары-Жаз жолының 13 шақырымы толығымен жаңартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:47

21:45

18:45

18:43

18:04

17:59

17:48

17:47

17:33

17:27

17:15

17:02

16:47

16:35

16:18

16:13

16:00

15:41

15:28

15:06

14:46

14:35

14:23

14:14

14:01