Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қырғызстанда өлім жазасын қайтару ұсынылды

Қырғызстанда өлім жазасын қайтару ұсынылды

Заң мен тəртіп 01.10.2025, 12:01 567
Қырғызстанда өлім жазасын қайтару ұсынылды
сурет: ЖИ

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елде балаларға, қыздарға және әйелдерге қарсы аса ауыр қылмыстар үшін ең қатаң жаза қарастыратын заңнамалық өзгерістер әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Аскат Алагозов Facebook парақшасында хабарлады.

Ол аса ауыр қылмыстарға өлім жазасын енгізуді тапсырды. 

"Президент заңнаманы қайта қарап, балаларға, қыздарға және әйелдерге қарсы қылмыстар үшін ең ауыр жауапкершілікті енгізуді тапсырды. Әсіресе балаларды зорлағаны және әйелдерді зорлап өлтіргені үшін өлім жазасын қарастыруды жүктеді", - деді Алагөзов.

Бұл шешім Қырғызстанды дүр сілкіндірген 17 жастағы Айсұлудың аса қатігездікпен өлтірілуіне байланысты қабылданды. Садыр Жапаров қылмыстық істің тергеуін жеке бақылауына алғаны айтылды.

Айсұлудың өлімі

27 қыркүйекте Ыстықкөл өңірінде 17 жастағы Айсұлу жоғалып кеткен. Ол құрбысына қонаққа бара жатқан, бірақ байланысқа шықпай қалған. 29 қыркүйекте оның денесі Боом шатқалынан табылды.

Оқиғаға байланысты 41 жастағы Бішкек тұрғыны күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сай, ол бойжеткенді ұрлап, зорлап, өлтіргенін мойындаған. Алдымен денесін Ыстықкөл жағасына көміп, кейін қайта қазып алып, Боом шатқалына тастағаны анықталды. Күдікті бұған дейін де жыныстық сипаттағы қылмысы үшін жауапқа тартылғанымен, жазадан құтылып кеткен.

Өлім жазасы туралы тарихи дерек

Қырғызстанда соңғы рет өлім жазасы 1998 жылы орындалған. 2007 жылы өлім жазасы заң жүзінде жойылып, 2010 жылы ел БҰҰ-ның өлім жазасын жоюға бағытталған Халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасын ратификациялаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өлім жазасы #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика