Қырғыздар Қазақстан құрамасын көкпардан қарымта ойынға шақырды

Қырғыздар Қазақстан құрамасын көкпардан қарымта ойынға шақырды Сурет: Astanatv.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ойын тартысқа толы болып, 5:4 есебімен отандастарымыз жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгін белгілі болғандай, Қырғызстан көкбөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада қарымта кездесу өткізуді ұсынып отыр.

"Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көкбөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы тиіс. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәжілісінде.

Бұл жарыс "Келісім кубогы" деп аталмақ. Олар 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
2
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17