конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қырғыз жастарының Алматыға сапары жаңа мүмкіндікте...

Қырғыз жастарының Алматыға сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Барлығы 25.02.2025, 12:48 905 dulatbekova
Қырғыз жастарының Алматыға сапары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Сурет: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Алматы жастар саясаты саласында халықаралық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлуде.

Осы мақсатта оңтүстік астанаға Қырғыз Республикасының жастар делегациясы арнайы сапармен келді. Делегация құрамында Қырғыз парламентінің, Мәдениет министрлігінің және жастар саясатына жауапты құрылымдардың өкілдері бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қонақтар ең алдымен Алатау хаб кітапханалар желісінде болып, оның қызметімен танысты. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркітанушы ғалымы Нұрат Ілияс қазақ-қырғыз халықтарының ортақ тарихы мен болашағы жайында мазмұнды баяндама жасады.

 Өз кезегінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Бекқаиров басқарманың негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, комьюнити орталықтарының жұмысын таныстырды.

Алматыдағы комьюнити орталықтары – жастар саясатының маңызды бөлігі. Бұл орталықтар жас кәсіпкерлерді, еріктілерді, креативті индустрия өкілдері мен белсенді жастарды біріктіріп, олардың дамуына қолдау көрсетеді. Қырғызстандық делегация орталықтардың қызметімен танысып, жастардың бастамаларын қолдау және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері жөнінде мол ақпарат алды.

Сапар барысында жастар жобаларын іске асыру тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі ел жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және достық байланыстарды дамыту мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар делегациясы #қырғызстан #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);