Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қымбат бұйымдарды сыйға алған: Оңтүстік Кореяның э...

Қымбат бұйымдарды сыйға алған: Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі сотталды

Әлем 28.01.2026, 16:19 214
Қымбат бұйымдарды сыйға алған: Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі сотталды
Reuters

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы түрмеге сотталды. Оған қымбат сыйлықтар алғаны үшін айып тағылған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Chanel сөмкелері, Graff алқасы және үкім

Сеул соты Ким Гон Хиді 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот оны бизнеске қатысты жеңілдіктер алуға ұмтылған Бірігу шіркеуі (Unification Church) өкілдерінен қымбат заттар алғаны үшін кінәлі деп таныды.

Әңгіме Chanel сөмкесі мен Graff әшекей алқасы туралы болып отыр. Ким бұл сыйлықтарды 2022 жылғы шілдеде алған. Сот бұл сыйдың бизнес мүдделеріне қолдау көрсету туралы өтініштерімен байланысты болғанын анықтады.

Сонымен қатар, бұған дейін алынған тағы бір Chanel сөмкесін сот пара ретінде танымады, себебі сол кезеңде сыйлық берген тараптан нақты талаптар қойылғаны дәлелденбеген.

Сеулдің орталық аудандық соты Ким Гон Хиді Deutsch Motors компаниясы акцияларының бағамын қолдан өсіру ісіне қатысы бар деген айыптан, сондай-ақ, саяси қорлар туралы заңды бұзды деген күдіктен ақтады.

Тергеу дерегінше, ол 2010–2012 жылдары акциялармен байланысты айла-шарғы схемасына қатысқан. Алайда сот оның тікелей қатысуын дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ, сот Ким мен оның жұбайына 2022 жылғы президент сайлауы қарсаңында тегін әлеуметтік сауалнамалар берілгенін мойындады, бірақ мұны экономикалық пайда ретінде бағаламады: себебі ол сауалнамалар тек соларға арнап жасалмаған.

Тәркілеу және апелляция

Сот Кимнен 12,8 миллион вонды (шамамен 4,47 миллион теңге) тәркілеуді де шешті. Осылайша Ким Гон Хи мен бұрынғы президент Юн Сок Ёль ел тарихында қылмыстық істер бойынша нақты түрме жазасын алған алғашқы президенттік жұп атанды.

Арнайы прокурор командасы үкімді тым жұмсақ деп атап, шағымданатынын мәлімдеді. Ал Кимнің адвокаттары да апелляция беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

Юн Сок Ёль ісі

Еске салайық, бұрынғы президент Юн Сок Ёль 2025 жылғы 4 сәуірде елде әскери жағдай енгізу әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін қызметінен шеттетілген еді. Сол кезде алғаш рет ел тарихында қызметтегі президентке қатысты қамауға алу ордері шығарылған.

Юн Сок Ёль бұған дейін 2024 жылы әскери жағдай енгізуге байланысты іс бойынша 5 жылға сотталған. Қазір ол басқа да қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр, оның ішінде бүлікті басқарды деген айып та бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея #Корея президенті #әйелі #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика