AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қылмыспен күрес бойынша ортақ ақпарат алмасу мәсел...

Қылмыспен күрес бойынша ортақ ақпарат алмасу мәселесі қозғалды

Заң мен тəртіп 11.10.2021, 14:14 1,225
Қылмыспен күрес бойынша ортақ ақпарат алмасу мәселесі қозғалды
Polisia.kz.

ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында Қазақстан автокөлік ұрлығы және киберқылмыспен күрес бойынша ақпарат алмасу мәселелерін көтерді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Онлайн-кездесуге Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің және Армения полициясының, сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД-дағы терроризмге қарсы орталығының делегациялары қатысты.



Полиция ведомстволарының басшылары қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың басым мәселелерін қарады. Сондай-ақ, қатысушылар COVID-19 пандемиясы жағдайындағы қылмысқа қарсы іс-қимылды, жедел ақпарат алмасуды және қылмыстарды ашу және тергеу тәжірибесін, есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылды күшейтуді, блокчейн-технологиялар мен криптовалюталарды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алудағы ынтымақтастықты және тағы басқа мәселелерді талқылады.



Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша Министрлер Кеңесінің күн тәртібіне автокөлік ұрлығы және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері енгізілді.


Ерлан Тұрғымбаев ТМД елдері ІІМ-нің деректер базасындағы мәліметтермен өзара алмасу Достастыққа қатысушы елдердің аумағында қолды болған көлік құралдарын айдап кету, ұрлау және өткізу жолдарын тиімді ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.



Қазақстан ІІМ басшысы отырысқа қатысушыларды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды ашуда өзара іс-қимылды жандандыруға шақырып, интернет-алаяқтықтың шекарасы жоқ және азаматтарға елеулі залал келтіретінін баса айтты. Осыған байланысты, полиция ведомстволары арасында күш-жігерді шоғырландыру және тәжірибе алмасу талап етіледі, - деп мәлімдеді Ерлан Тұрғымбаев.



Сонымен қатар, министр өз сөзінде Қазақстанның ІІМ қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ТМД мемлекетаралық бағдарламаларында көзделген іс-шараларды тиімді орындайтынын мәлімдеді.

Ерлан Тұрғымбаев іздестіру жұмыстары, заңсыз көші-қон, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы белсенді ынтымақтастықты атап өтіп, әріптестерін қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.


Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық өзара іс-қимылын нығайту жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік #Ақпарат #алмасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика