Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қуыршақ театры Болгарияда өнер көрсетеді

Қуыршақ театры Болгарияда өнер көрсетеді

Мәдениет 29.09.2022, 11:34 1,545
Қуыршақ театры Болгарияда өнер көрсетеді
Сурет: Oner.kz

Театр кеңістігіндегі өзіндік айрықша бағыты мен орны бөлек Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 1 қазанда Болгария Республикасының Варна қаласында өтетін фестивальге аттанады.


 Үш жылда бір рет ұйымдастырылатын ең беделді театр фестивальдерінің бірегейі - XVII Халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ театрлар фестивалінде өнер көрсету – бір белес. Өйткені, театр ұжымы аталмыш фестивальге әлемнің 38 елінен 135 өнер мекемелері ұсынған 160 өтінім арасынан іріктеліп отыр. Фестивальде Болгария, Италия, Қытай, Оңтүстік Африка, Түркия, Қазақстан Республикаларынан - барлығы 14 театр ұжымы додаға түспек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 XVII Халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ театрлар фестиваліне Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры әлем драматургиясының «королі» саналатын Уильям Шеспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» туындысын қуыршақтар бейнесінде ұсынбақ. Шырғалаңға толы махаббат, өшпенділік, сағыныш пен батылдықты заманына сай түлеткен қойылымның режиссері – Дина Жұмабай. Суретшісі – Юля Чернова, балетмейстері – Анна Цой, қуыршақтарды жасаушы шебері – Николай Проскурин. Сұлулыққа сүйсінуден, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған спектакль адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы баяндалады. 


Өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнатып, кәсіби біліктілікті шыңдап, тәжірибе алмасуды негізгі мақсат санайтын Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры ағымдағы жылы Конья, Ақтөбе, Алматы, Орал, Ақтау қалаларындағы Халықаралық деңгейдегі 6 фестивальге қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Алдағы уақытта шетелдік және отандық 4 фестивальге қатысқалы отырғанын да айта кеткен жөн. 
Театр таланттары тартысқа түсетін аламан бәйгеде оза шабады деген сенімдеміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қуыршақ театры #болгария #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуе толқынында – «Шалқар» радиосы!

Бүгін 11:37

Алматыда «Ғылым аллеясы» ашылды

Бүгін 11:29

Алматының Әуезов ауданы 40 шақырымнан асатын инженерлік желі мен көше жарығын жаңартады

Бүгін 11:22

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар мемлекеттік награда алды

Бүгін 11:19

Лотерея өткізу тек уәкілетті ұйымға ғана рұқсат етілген

Бүгін 11:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика