Құтқарушылар алматылықтарды алдағы күндері тауға шықпауға шақырды

Құтқарушылар алматылықтарды алдағы күндері тауға шықпауға шақырды Сурет: Inbusiness.kz

Себебі қар көшкіні қаупі сақталады.


Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жылымықтың әсерінен қар жамылғысы тұрақсыз және биік. Осыған байланысты 5-8 сәуір аралығында Кіші және Үлкен Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар», - делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.



Естеріңізге сала кетcек, 4 сәуір күні «Қазгидромет» еліміздің қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлімет ұсынған болатын. Бұл мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау қалаларымен қатар, Алматы қаласында да қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05