Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құсман ШАЛАБАЕВ, қоғам және мемлекет қайраткері, А...

Құсман ШАЛАБАЕВ, қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі: Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны артады

Әлеумет 11.01.2022, 10:22 1,706
Құсман ШАЛАБАЕВ, қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі: Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны артады
almatykenes.kz

– Ұлы даланың сахарасын, ұлан-ғайыр атырапты мекендеген, мәңгілік көк аспанның астындағы Қазақ жұртшылығы!
Қазақ елінің тыныштығы – ол экономика жағынан да, саяси жағынан да, әлеуметтік жағынан да біздің болашақ жастарымыз үшін өте маңызды. Біз – ғасырдан-ғасырға жалғасып жатқан ұрпақты бағалаған, сөзге тоқтаған қазақтың ұрпағымыз! Сондықтан ауызбіршілік арқылы мемлекеттің болашағын, қоғам тыныштығын ойлауымыз керек.


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі  ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында талай тың дүниені тілге тиек етті. Мәселен, ол жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артатынын  айтты. Президент Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.


Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды деді. Сонымен қатар Президент балаларға арналған спорт нысандары қала мен аудан, ауылдарда салынатынын хабарлады. Қабілетті балаларға көмек көрсетіп, мәдениетті нығайтамыз деді. Себебі, білімді, білікті, мәдениетті, рухты жастар – біздің болашағымыз. Мәңгілік елдің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақтың жағдайы оңды болуы тиіс.


Кешегі ел ішін ала тайдай бүлдірген лаңкестерге қарсы тұра білген де осындай отаншыл өрімдей ұландарымыз.
Қ.Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды.  Бұл халық қоры болмақ. Ол әкімдіктерге немесе Үкіметке бағынышты болмайды. Жеке беделді бақылау кеңесі құрылады. Барлық ақпарат ашық болады деді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар саннан сапаға, есептен іске көшуі керегін шегеледі.
Осы мәселелерді сөз күйінде қалдырмай, аяғына дейін жеткізуіміз қажет. Ол үшін білікті адамдардан комиссия құрып, талап қойып және нәтижесін шығаруымыз керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #құсман #шалабаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика